Алғашқы кезеңдегі емшекпен емізудің маңызы
Баланы дүниеге әкелгеннен кейінгі алғашқы сағат ананың да, баланың да денсаулығы үшін өте маңызды кезең болып саналады. Дәрігерлер жаңа туған сәбиді алғашқы сағат ішінде анасының кеудесіне қоюды ұсынады. Себебі дәл осы уақытта емшек сүті ең пайдалы әрі нәрлі болады. Егер бала емшек ембесе, оны емізуге бейімдеу үшін сабыр мен шыдам қажет.
Әдетте жаңа туған балаға ананың емшек сүтімен қоректенуі – оның дұрыс дамуының басты кепілі. Емшек сүтінде баланың иммунитетін қалыптастыратын ерекше элементтер бар. Сондықтан ананың міндеті – емшек емізу дағдысын уақытылы бастау керек.


