NutriMa Фемилак
Жүкті және бала емізетін әйелдерге арналған арнайы тамақ.
Манго дәмі бар.
5 элементті Толыққанды құрам
Сарысу протеині – жеңіл сіңіру, ағзаны іштегі баланың дамуына қажетті алмастырылмайтын амин қышқылдарымен және энергиямен қанықтыру үшін.
Фолий қышқылы – іштегі баланың жүйке жүйесінің дұрыс дамуы үшін.
Омега-3 май қышқылдары (DHA, EPA) – іштегі баланың миы мен көру қабілетін қалыптастыру, жүктіліктің қиындауын және босанғаннан кейінгі депрессияның асқынуын болдырмау үшін.
Пребиотиктер (инулин) – ас қорытуды жақсарту және іш қатудың алдын алу үшін.
Дәруменді-минералды кешен – іштегі баланың толыққанды дамуы және жүктілік кезіндегі және босанғаннан кейінгі ананың денсаулығын қолдау үшін.
Дәрумендер
Е дәрумені жүктіліктің қалыпты өтуіне септігін тигізеді, ұрықтың жатырішілік дамуын ынталандырады.
С дәрумені иммунитетті сақтауға көмектеседі.
В тобындағы дәрумендер жүйке жүйесіне оң әсер етеді.
D дәрумені іштегі бала сүйектерінің қалыптасуы үшін қажетті кальций мен фосфордың деңгейін реттейді.
Макро- және микроэлементтер
Йод анадағы йод тапшылығының алдын алуды қамтамасыз етеді және іштегі балада қалқанша безі функциясының дұрыс қалыптасуы мен дамуына ықпал етеді.
Темір қан түзілу процестеріне әсер етеді, анемияның алдын алуға көмектеседі.
Кальций және фосфор – оңтайлы арақатынасы кальцийдің тиімді сіңуін қамтамасыз етеді, іштегі балада сүйек тінінің толыққанды қалыптасуына ықпал етеді, болашақ анада остеопороз дамуының алдын алады.
Құрамында пальма майы жоқ.
Қантсыз.
ГМА жоқ.