Бала емізетін әйелдерде сүт шығуын арттыруға арналған арнайы тағам.
5 элементті Толыққанды құрам
Сүттің шығуын арттыратын шөптердің бірегей кешені (фенхель, қалақай, әніс, зере) – емшек сүтінің көлемін ұлғайту үшін.
Сарысу протеині – ақуыздың сапасын жақсартуға және жеңіл сіңіруге, ағзаны толыққанды сүт шығуы үшін қажетті алмастырылмайтын амин қышқылдарымен және энергиямен қанықтыру үшін.
Омега-3 (DHA, EPA) – баланың миы мен көру қабілетінің қалыпты дамуы үшін қажетті ананың ағзасы мен емшек сүтіндегі омега-3 май қышқылдарының оңтайлы мөлшерін қамтамасыз ету үшін.
Пребиотиктер (инулин) – босанғаннан кейінгі кезеңде ас қорытуды жақсарту және іш қатудың алдын алу үшін.
Дәруменді-минералды кешен – жүктілік пен босанудан кейін әйел ағзасын қалпына келтіру үшін.
Дәрумендер
Е дәрумені ағзаның антиоксиданттық қорғанысын қамтамасыз етеді, балада өмірлік маңызды функциялардың қалыптасуына ықпал етеді.
С дәрумені босанғаннан кейінгі оксидативті күйзелістен соң қалпына келуге көмектеседі, темірдің сіңуіне септігін тигізеді, баланың антиоксиданттық қорғанысын жақсартады.
В тобындағы дәрумендер жүйке жүйесінің қалыпты дамуына ықпал етеді.
D дәрумені балада рахиттің пайда болуына жол бермейді.
Макро- және микроэлементтер
Кальций және фосфор – оңтайлы арақатынасы кальцийдің тиімді сіңуін қамтамасыз етеді, балада сүйек тінінің толыққанды қалыптасуына ықпал етеді, анада остеопороз дамуының алды алады.
Йод анадағы йод тапшылығының алдын алуды қамтамасыз етеді және жаңа туған сәбиде қалқанша безі функцияларының дұрыс қалыптасуы мен дамуына ықпал етеді.
Құрамында пальма майы жоқ.
Қантсыз.
ГМА жоқ.