Аналар мектебі
Қызылша белгілері және инфекция жұқтырудың алдын алу
Қызылша – өте жұқпалы инфекциялық ауру. Бұл ауру көбіне балалар арасында кездеседі, бірақ егілмеген ересек адам да қызылшамен ауыруы мүмкін. Қызылша вирусы ауа арқылы тарайды, яғни науқас адамның жөтелгенде немесе түшкіргенде шыққан ауа тамшылары арқылы жұғады. Сондықтан қызылша ауруына қарсы профилактика жүргізу және денсаулық сақтау шараларын сақтау өте маңызды.