Top.Mail.Ru

Балаларды өмірінің алғашқы күндерінен бастап диеталық емдік тамақтандыруға арналған, амин қышқылдары негізіндегі толыққанды, теңдестірілген қоспа. Қоспа аллергия белгілері бар сәбилердің толыққанды дамуына және иммундық жүйесін қолдауға кешенді түрде септесу үшін арнайы жасалған. 
Ұзақ уақыт қолдануға жарайды.

Қолданылуы:
- көптеген тағамға аллергия кезінде 
- сиыр сүтінің ақуыздарын, лактозаны, сояны көтере алмаушылық кезінде
- ішек мальабсорбциясы синдромы кезінде
- қысқа ішек синдромы кезінде.
Құрамының ерекшеліктері:
Амин қышқылдары аллергия симптомдарын басады, оңтайлы өсу үшін теңдестірілген бейінге ие
Орташа тізбекті триглицеридтер (ОТТ) оңай сіңеді және АІЖ-де (асқазан-ішек жолында) сіңу процестері бұзылған кезде ағзаға энергияның келіп түсуін кепілді түрде қамтамасыз етеді.
Лактозасыз
Қоспаның құрамында толыққанды даму үшін қажет маңызды компоненттер бар:

ОМЕГА-3 (DHA)max/ОМЕГА-6 (ARA) max
Май қышқылдары, бас миының миды дамыту және көздің көру жітілігін сақтау үшін қажет құрылымдық компоненттері. Максималды мөлшері аллергиясы бар балалардың жоғары қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

МАҢЫЗДЫ! Қоспадағы DHA көзі аллерген-ақуыздың іздерін қамтуы мүмкін балық майы емес, микробалдырлардан алынған май болып келеді.
 

1. Балаға тамақ беруге арналған барлық ыдысты ең кемі 5 минут бойы қайнатыңыз.
2. Алдын-ала дайындалған ыдысқа сәбилерге арналған, 40°С дейін ысытылған суды қажетті мөлшерде құйыңыз. Балалар ауыз суы болмаған кезде, 40°С-ге дейін суытылған қайнатылған суды қолдануға болады.
3. Су құйылған шағын шөлмектің ішіне құрғақ қоспаның өлшеуіш қасығының қажетті мөлшерін салыңыз (тамақ беру кестесін қараңыз), бұл кезде, қоспаның артығын қасықтың бетінен пышақтың доғал шетімен алып тұрыңыз.
4. Шағын шөлмекті жауып, қоспа толықтай ерігенге дейін шайқаңыз.
5. Білектің ішкі жағымен дайын қоспаның температурасын тексеріңіз.
Қоспаны, тамақ берер алдында ғана дайындаңыз.
Дайындалған қоспа 2 сағат ішінде қолданылуы тиіс.
Шағын шөлмекте қалып қойған дайын қоспаның қалдығын келесі рет тамақ беру үшін пайдаланбаңыз.
Сақтау шарттары:
Пакетті ашқан сәтке дейін, құрғақ қоспаны 0°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75%-дан аспаған жағдайда сақтаңыз.
Пакетті ашқаннан кейін құрғақ қоспаны құрғақ та салқын жерде (бірақ тоңазытқышта емес) 3 аптадан асырмай сақтаңыз.
Сақтау мерзімі:
24 ай
 

Құрамы: мальтодекстрин, өсімдік майлары (күнбағыс жоғары олеинды, соя, пальма), аминоқышқылдары (L-аргинин L-аспартат, L-лейцин, L-лизина ацетат, L-глутамин, L-валин,   L-пролин, L-изолейцин, глицин, L-треонин, L-тирозин, L-фенилаланин, L-серин, L-цистин, L-гистидин, L-аланин, L-триптофан, L-метионин, магний L-аспартаты), орта тізбекті триглицеридтер, жүгері крахмалы, минералды заттар (кальций фосфаты, кальций карбонаты, калий фосфаты, натрий хлориді, магний хлориді, калий хлориді, темір (II) сульфаты, мырыш сульфаты, мыс сульфаты, марганец хлориді, калий йодиді, натрий селениті) , эмульгаторлар (глицерин мен лимон қышқылының жəне май қышқылдарының эфирлері, май қышқылдарының моно- жəне дисахаридтері), Schizochytrium sp. микробалдырларынан алынған май (докозагексаен қышқылының DHA көзі), Mortierella Alpina майы (ARA арахидон қышқылының көзі),
дəрумендер (L-аскорбин қышқылы, DL-альфа-токоферол ацетаты, никотинамид, D-кальций пантотенаты, рибофлавин, ретинол ацетаты, тиамин гидрохлориді,
пиридоксин гидрохлориді, фолий қышқылы, филлохинон, D-биотин, D3 холекальциферол, цианкобаламин), холин битартраты, таурин, инозит, L-карнитин,
қышқылға қарсы (L-аскорбилпальмитат). ГТА жоқ!

Тағамдық құндылығы100 г құрғақ өнімде100 мл дайын өнімде
Қуаттылық құндылығы, кДж/ккал2108 / 503293 / 70
Ақуыз, г12,91,8
Таурин, мг334,5
Май, г253,5
  Орта тізбекті триглицеридтер, г101,4
  Орта тізбекті триглицеридтер, майдың жалпы сомасының %40
  Линоль қышқылы, г3,870,54
  Линоль қышқылы, май қышқылдарының сомасынан %17
  α-линолен қышқылы, г0,430,06
  Докозагексаен қышқылы, мг14420
  Арахидон қышқылы, мг8211,4
Көмірсулар, г56,77,9
  Моно- және дисахаридтер, г4,90,68
Минералды заттар
  Кальций, мг58081
  Фосфор, мг36250
  Калий, мг50770
  Натрий, мг17424
  Магний, мг537,3
  Мыс, мкг41758
  Марганец, мкг507
  Темір, мг7,21
  Мырыш, мг6,40,9
  Хлоридтер, мг42058
  Йод, мкг10314,3
  Селен, мкг131,8
Дәрумендер
  Ретинол (A), мкг-экв51071
  Токоферол (E), мг8,91,2
  Кальциферол (D), мкг9,81,4
  K дәрумені, мкг507
  Тиамин (B1), мкг40055
  Рибофлавин (B2), мкг70598
  Пантотен қышқылы, мг2,10,3
  Пиридоксин (B6), мкг42859
  Ниацин (PP), мг4,10,56
  Фолий қышқылы (Bc), мкг659
  Цианокобаламин (B12), мкг20,28
  Аскорбин қышқылы (C), мг659
  Биотин, мкг152,1
Инозит, мг8712
Холин, мг10915
L-карнитин, мг111,5
Осмоляльдығы, мОсм/кг310
ЖЭҚ* — Жалпы энергия құндылығы

Пікірлер

Яндекс.Метрика