Cипаттамасы
Шала туған және салмағы жетіспейтін балаларға арналған.
Құрамында ақуыз мөлшері жоғары, сарысу ақуыздары мен май құрамы басым, орташа тізбекті триглицеридтері (ОТТ) бар, лактоза құрамы төмен және стандартты қоспалармен салыстырғанда қуып жететін өсуді қамтамасыз ету үшін құнарлылығы жоғары балаларға арналған құрғақ сүт қоспасы.
Теңдестірілген бірегей май құрамы
- Құрамында табиғи сүт майы бар
Сүт майының құрамында мидың дұрыс дамуы және зат алмасудың жақсаруы үшін қажетті компоненттер бар, оңай сіңеді және баланың жылдам өсуі үшін қуат көзі болып табылады.
- Құрамында пальма және рапс майлары жоқ
Пальма майында емшек сүтіндегідей пальмитин қышқылы бар. Емшек сүтінен айырмашылығы – пальма майындағы пальмитин қышқылы α-пальмитат түрінде болады және нашар сіңеді, бұл іш қатуға, алынатын энергияның жетіспеушілігіне және кальцийдің нәжіспен бірге шығып кетуіне алып келуі мүмкін.
Ана сүтіндегідей маңызды қоректік заттар
Омега-3 (DHA) – май қышқылдары, бас миының интеллектті дамыту және көздің көру жітілігін сақтау үшін таптырмайтын құрылымдық компоненттері.
Пребиотиктер ішектің пайдалы микрофлорасының өсуіне және тұрақты жұмсақ нәжістің қалыптасуына ықпал етеді.
Нуклеотидтер – иммундық жүйенің қалыптасуы және асқазан-ішек жолының жетілуі үшін басты компоненттер.
Құрамында ГМА жоқ.
Нұсқау

- ·Балаға тамақ беруге арналған барлық ыдысты ең кемі 5 минут бойы қайнатыңыз.
- Алдын-ала дайындалған ыдысқа сәбилерге арналған, 40-45°С дейін ысытылған суды қажетті мөлшерде құйыңыз. Балалар ауыз суы болмаған кезде, 40-45°С-ге дейін суытылған қайнатылған суды қолдануға болады.
- Су құйылған шағын шөлмектің ішіне құрғақ қоспаның өлшеуіш қасығының қажетті мөлшерін салыңыз (тамақ беру кестесін қараңыз), бұл кезде, қоспаның артығын қасықтың бетінен пышақтың доғал шетімен алып тұрыңыз.
- Шағын шөлмекті жауып, қоспа толықтай ерігенге дейін шайқаңыз.
- Білектің ішкі жағымен дайын қоспаның температурасын тексеріңіз.
Қоспаны, тамақ берер алдында ғана дайындаңыз.
Дайындалған қоспа 2 сағат ішінде қолданылуы тиіс.
Шағын шөлмекте қалып қойған дайын қоспаның қалдығын келесі рет тамақ беру үшін пайдаланбаңыз.
Пакетті ашқан сәтке дейін, құрғақ қоспаны 0°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75%-дан аспаған жағдайда сақтаңыз.
Пакетті ашқаннан кейін құрғақ қоспаны құрғақ та салқын жерде (бірақ тоңазытқышта емес) 3 аптадан асырмай сақтаңыз.
Құрамы
Құрғақ деминералданған сүт сарысуы, құрғақ тұтас сүт, мальтодекстрин, өсімдік майлары (жоғары олеинді күнбағыс майы, соя майы), орта тізбекті триглицеридтер концентраты, сарысу ақуыздарының концентраты, галактоолигосахаридтер, майы алынған құрғақ сүт, сүт майы, балық майы (DHA докозагексаен қышқылы мен EPA эйкозапентаен қышқылының көзі), минералды заттар (кальций фосфаты, кальций карбонаты, калий хлориді, калий цитраты, магний хлориді, темір сульфаты, мырыш сульфаты, мыс сульфаты, калий йодиді, марганец хлориді, натрий селениті), Mortierella Alpina майы (ARA арахидон қышқылының көзі), дәрумендер (L-аскорбин қышқылы, токоферол ацетаты, никотинамид, пантотен қышқылы, пиридоксин гидрохлориді, ретинол ацетаты, рибофлавин, тиамин гидрохлориді, фолий қышқылы, филлохинон, D-биотин, холекальциферол, цианокобаламин), фруктоолигосахаридтер, инозитол, холин битартраты, эмульгатор (лецитин), таурин, нуклеотидтер (цитидин-5’-монофосфор қышқылы, уридин-5’-монофосфат динатрий тұзы, аденозин-5’-монофосфат қышқылы, гуанозин-5’-монофосфат динатрий тұзы, инозин-5’-монофосфат динатрий тұзы), L-карнитин, антиоксидант (аскорбилпальмитат).
Құрамында ГМО жоқ.
Тағамдық құндылығы
| Тағам құндылығы | 100 г құрғақ қоспада | 100 мл дайын қоспада |
|---|---|---|
| Энергетикалық құндылығы, кДж / ккал | 2134 / 510 | 326 / 78 |
| Ақуыз, г | 14,4 | 2,2 |
| Май, г | 27,5 | 4,2 |
| Сүт майы, г | 4,9 | 0,8 |
| Линол қышқылы, г | 4,44 | 0,68 |
| α-линолен қышқылы, г | 0,54 | 0,08 |
| Арахидон қышқылы, мг | 105 | 16 |
| Докозагексаен қышқылы, мг | 131 | 20 |
| Эйкозапентаен қышқылы, мг | 28 | 4 |
| Көмірсулар, г | 52,1 | 8 |
| Лактоза, г | 32,5 | 5 |
| Мальтодекстрин, г | 17,6 | 2,7 |
| Пребиотиктер, г | 2,0 | 0,3 |
| Галактоолигосахаридтер, г | 1,8 | 0,27 |
| Жеміс-олигосахаридтер, г | 0,2 | 0,03 |
| Күл, г | 3 | 0,4 |
| Минералды заттар: | ||
| Кальций, мг | 588 | 90 |
| Фосфор, мг | 327 | 50 |
| Калий, мг | 490 | 75 |
| Натрий, мг | 202 | 31 |
| Магний, мг | 57 | 8,7 |
| Мыс, мкг | 520 | 80 |
| Марганец, мкг | 29,5 | 4,5 |
| Темір, мг | 9,8 | 1,5 |
| Мырыш, мг | 5,2 | 0,8 |
| Хлоридтер, мг | 327 | 50 |
| Йод, мкг | 131 | 20 |
| Селен, мкг | 9,8 | 1,5 |
| Дәрумендер: | ||
| Ретинол (А), мкг-экв | 1045 | 160 |
| Токоферол (Е), мг | 12,4 | 1,9 |
| Кальциферол (Д), мкг | 13 | 2 |
| К дәрумені, мкг | 46 | 7 |
| Тиамин (В1), мкг | 657 | 101 |
| Рибофлавин (В2), мкг | 1315 | 201 |
| Пантотен қышқылы, мг | 5,2 | 0,8 |
| Пиридоксин (В6), мкг | 591 | 90 |
| Ниацин (РР), мг | 13 | 2 |
| Фолий қышқылы, мкг | 314 | 48 |
| Цианокобаламин (В12), мкг | 1,9 | 0,29 |
| Аскорбин қышқылы (С), мг | 98 | 15 |
| Биотин, мкг | 23 | 3,5 |
| Нуклеотидтер, мг | 22,9 | 3,5 |
| Инозит, мг | 130 | 20 |
| Холин, мг | 78 | 12 |
| L-карнитин, мг | 11 | 1,7 |
| Таурин, мг | 36 | 5,5 |
| Осмоляльдығы, мОсм/кг | - | 290 |