Ас қорытудың функционалдық бұзылыстары (дисбиоз, іштің қатуы, бұрап ауыруы, кебуі) кезінде.
Ас қорытуды жақсартуға және ішек микрофлорасын қалпына келтіруге арналған балалардың сүтқышқылды құрғақ қоспасы. Ас қорытудың функционалдық бұзылыстары ішек микрофлорасына және иммундық жүйеге байланысты. Микроб тепе-теңдігінің бұзылуы іштің бұрап ауыруына, кебуіне және қатуына алып келеді. Бифидо- және лактобактериялар ерте жастағы балаларда микробиота жағдайының оңтайландырылуына және иммундық қорғаныстың жетілуіне ықпал етеді.
Ас қорытуға үш есе көмек
1. Әлемдегі №1 пробиотик – L.rhamnosus LGG® лактобактериялары туғаннан бастап балалар үшін ең тиімді және қауіпсіз болып табылады, іштің бүріп ауыруы мен газ түзілуін жояды.
2. Ферменттелген ақуыз астың сіңуін жеңілдетеді және ас қорыту процесін жақсартады.
3. BB-12® бифидобактериялары ішек иммунитетін арттырады және тұрақты жұмсақ нәжісті қамтамасыз етеді.
Теңдестірілген бірегей май құрамы
· Құрамында табиғи сүт майы бар
Сүт майының құрамында мидың дұрыс дамуы және зат алмасудың жақсаруы үшін қажетті компоненттер бар, оңай сіңеді және баланың жылдам өсуі үшін қуат көзі болып табылады.
· Құрамында пальма және рапс майлары жоқ
Пальма майында емшек сүтіндегідей пальмитин қышқылы бар. Емшек сүтінен айырмашылығы – пальма майындағы пальмитин қышқылы α-пальмитат түрінде болады және нашар сіңеді, бұл іш қатуға, алынатын энергияның жетіспеушілігіне және кальцийдің нәжіспен бірге шығып кетуіне алып келуі мүмкін.
Ана сүтіндегідей маңызды қоректік заттар
Омега-3 (DHA) – май қышқылдары, бас миының интеллектті дамыту және көздің көру жітілігін сақтау үшін таптырмайтын құрылымдық компоненттері.
Лютеин – бала көзінің ішкі тор қабығын қорғау функциясын орындайтын маңызды антиоксидант.
Нуклеотидтер – иммундық жүйенің қалыптасуы және асқазан-ішек жолының жетілуі үшін басты компоненттер.
Құрамында ГМА жоқ.
Құрамында қант, консерванттар, бояғыштар және хош иістендіргіштер жоқ.