Top.Mail.Ru

Сипаттамасы

Сүт сарысуы ақуыздарының толық гидролизаты негізіндегі балалар қоспасы. 0 айдан 12 айға дейінгі балаларға арналған диеталық емдік тамақтандыру үшін.

Қолдану көрсеткіштері

Сиыр сүті ақуызына аллергия кезінде.

Құрамының артықшылықтары

Толық гидролизденген ақуыз қысқа пептидтер мен бос аминқышқылдарына дейін ыдыратылған, аллергия белгілерін жеңілдетеді.

LGG® лактобактериялары — әлемде №1 пробиотик:

атопиялық дерматиттің (экземаның) алдын алуға ықпал етеді;

өз бифидобактерияларының түзілуін ынталандырады.

5-HMO кешені — құрылымы жағынан емшек сүтіндегі анағұрлым кең таралған олигосахаридтердің түрлеріне ұқсас 5 негізгі олигосахаридтен тұратын кешен, иммундық жүйені қолдауға және инфекциялардан қорғауға арналған.

¹ Биологиялық әдіспен өндірілген.

Жарамдылық мерзімі: 18 ай.

Толыққанды даму үшін маңызды компоненттер

ОМЕГА-3 (DHА) және ОМЕГА-6 (ARA) май қышқылдары — мидың, нейрондық байланыстардың және көз торқабығының қалыптасуы үшін қажет.

Нуклеотидтер иммундық жүйенің қалыптасуына және асқазан-ішек жолының жетілуіне қатысады.

¹ HMO — емшек сүтінде кездесетін олигосахаридтер мен олардың құрылымдық аналогтарының қысқартылған атауы.

DHAmax / ARAmax — DHA / ARA мөлшерінің жоғары болуы аллергиясы бар балалардың жоғары қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Табиғи сүт майы жоқ, лактозасыз және пальма майы жоқ ерекше май құрамы.

Қоспа ұзақ уақыт қолдануға және жалғыз тамақтану көзі ретінде пайдалануға жарамды.

 

  1. Балаға тамақ беруге арналған барлық ыдысты ең кемі 5 минут бойы қайнатыңыз.
  2. Алдын-ала дайындалған ыдысқа сәбилерге арналған, 40°С дейін ысытылған суды қажетті мөлшерде құйыңыз. Балалар ауыз суы болмаған кезде, 40°С-ге дейін суытылған қайнатылған суды қолдануға болады.
  3. Су құйылған шағын шөлмектің ішіне құрғақ қоспаның өлшеуіш қасығының қажетті мөлшерін салыңыз (тамақ беру кестесін қараңыз), бұл кезде, қоспаның артығын қасықтың бетінен пышақтың доғал шетімен алып тұрыңыз.
  4. Шағын шөлмекті жауып, қоспа толықтай ерігенге дейін шайқаңыз.
  5. Білектің ішкі жағымен дайын қоспаның температурасын тексеріңіз.

Қоспаны, тамақ берер алдында ғана дайындаңыз.

Дайындалған қоспа 2 сағат ішінде қолданылуы тиіс.

Шағын шөлмекте қалып қойған дайын қоспаның қалдығын келесі рет тамақ беру үшін пайдаланбаңыз. . Қоспа сиыр сүтінің ақуыздарына аллергия жағдайында пайдалануға арналмаған.

Қоспаның көлемі мен азықтандырудың мөлшерін азықтандыру кестесіне сəйкес дəрігер анықтайды.

  • Қоспаны дәл тамақтандырар алдында дайындаңыз.
  • Бөтелкедегі дайын қоспа қалдығын келесі тамақтандыру үшін пайдаланбаңыз.

Қоспаны дәрігер тағайындайды.

Қоспаның көлемі мен тамақтандыру санын баланың жеке ерекшеліктеріне қарай дәрігер белгілейді.

Үйіп толтырмай алғанда, 1 өлшеуіш қасық - 4,4 г құрғақ қоспа.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сүт сарысуының ақуыздары гидролизатының болуы қоспаға ерекше иіс пен ащылау дәм береді. Қоспаны толық қалпына келтіру үшін көбірек уақыт керек, қажет болса, қайта сілкіңіз. Қоспаны лактозаға төзбеушілік, галактоземия кезінде пайдалануға болмайды.

Құрамы: мальтодекстрин, лактоза (сүт қанты), өсімдік майлары (жоғары олеинді күнбағыс, соя, кокос), сүт сарысуы ақуыздарының гидролизаты, сүт майы, жүгері крахмалы, эмульгаторлар (глицерин мен лимон қышқылының және май қышқылдарының эфирлері, май қышқылдарының моно- және диглицеридтері), минералды заттар (калий фосфаты (ортофосфор қышқылының калий тұздары), кальций фосфаты (ортофосфор қышқылының кальций тұздары), кальций карбонаты, магний хлориді, калий хлориді, натрий хлориді, темір (II) сульфаты, мырыш сульфаты, мыс сульфаты, марганец хлориді, калий йодиді, натрий селениті), омега-3 полиқанықпаған май қышқылдары (докозагексаен DHA және эйкозапентаен EPA қышқылдарының көзі), омега-6 полиқанықпаған май қышқылдары (арахидон ARA қышқылдарының көзі), дәрумендер (L-аскорбин қышқылы, DL-альфа-токоферол ацетаты, никотинамид, кальций D-пантотенаты, рибофлавин, ретинол ацетаты, пиридоксин гидрохлориді, тиамин гидрохлориді, фолий қышқылы, филлохинон, D-биотин, D3 холекальциферол, цианкобаламин), 5-HMO олигосахаридтер кешені (2'-фукозиллактоза (2'-FL), лакто-N-тетраоза (LNT), 6'-сиалиллактоза (6'-SL), дифукозиллактоза (DFL), 3'-сиалиллактоза (3'-SL)), холин битартраты, L. rhamnosus (LGG®) лактобактериялары, таурин, инозит, нуклеотидтер (цитидин-5’-монофосфор қышқылы, уридин-5’-монофосфат динатрий тұзы, аденозин-5’-монофосфор қышқылы, гуанозин-5’-монофосфат динатрий тұзы, инозин-5’-монофосфат динатрий тұзы), L-карнитин, тотығуға қарсы зат (L-аскорбилпальмитат). Құрамында ГМА жоқ!

Тағамдық құндылығы100 г құрғақ қоспада100 мл дайын қоспада
Энергетикалық құндылығы, кДж/ккал2114/505279/67
Ақуыз (экв.), г11,41,5
Таурин, мг385
Майлар, г263,4
Сүт майы, жалпы май мөлшерінің %25
Линол қышқылы, г4,50,59
Линол қышқылы, май қышқылдарының жалпы мөлшерінің %19
α-линолен қышқылы, г0,540,07
Докозагексаен қышқылы, мг15220
Эйкозапентаен қышқылы, мг60,7
Арахидон қышқылы, мг8311
Көмірсулар, г56,47,4
Лактоза, г202,6
Крахмал, г4,40,6
Пребиотиктер: 5-HMO олигосахаридтері, мг15220
Минералды заттар
Кальций, мг43257
Фосфор, мг25734
Калий, мг54572
Натрий, мг16622
Магний, мг557,2
Мыс, мкг44459
Марганец, мкг648,5
Темір, мг6,10,8
Мырыш, мг6,70,9
Хлоридтер, мг41755
Йод, мкг11415
Селен, мкг141,8
Дәрумендер
Ретинол (A), мкг-экв47062
Токоферол (E), мг9,21,2
Кальциферол (D), мкг9,21,2
K дәрумені, мкг344,5
Тиамин (B1), мкг37950
Рибофлавин (B2), мкг68090
Пантотен қышқылы, мг30,4
Пиридоксин (B6), мкг45460
Ниацин (PP), мг40,53
Фолий қышқылы, мкг7510
Цианкобаламин (B12), мкг1,70,22
Аскорбин қышқылы (C), мг7510
Биотин, мкг152
Нуклеотидтер, мг15,12
Холин, мг608
Инозит, мг304
L-карнитин, мг111,5
Осмолялдылық, мОсм/кг-230
Лактобактериялар саны, кемінде1 × 106 КОЕ/г

Пікірлер

Яндекс.Метрика