Cипаттамасы
Лактазаның жетіспеушілігі, галактоземия кезінде.
Ыңғайлы пайдалану: бөтелкеге құйып, ысытыңыз
Қауіпсіз: компоненттердің дәл дозасы
Құрам ерекшеліктері
- Құрамында лактоза жоқ
Қоспадағы лактоза тез сіңірілетін және асқазан-ішек трактінің міндетін қалыптасыратын, сонымен қатар ішек инфекциялары кезіндегі іш өтумен байланысты екінші рет лактаза жетіспеушілік симптомдарын азайтуға мүмкіндік беретін глюкозалы шәрбәтқа және мальтодекстринге алмастырылған.
- Құрамында табиғи сүт майы бар
Сүт майының құрамында мидың дұрыс дамуы және зат алмасудың жақсаруы үшін қажетті компоненттер бар, оңай сіңеді және баланың жылдам өсуі үшін қуат көзі болып табылады.
- Толыққанды сүт ақуызы бар
Дұрыс даму үшін маңызды нутриенттер бар
Омега-3 (DHA) – май қышқылдары, бас миының интеллектті дамыту және көздің көру жітілігін сақтау үшін таптырмайтын құрылымдық компоненттері.
Нуклеотидтер – иммундық жүйенің қалыптасуы және асқазан-ішек жолының жетілуі үшін басты компоненттер.
13 дәрумендер + инозит, холин, l-карнитин және 12 минералды заттар баланың үйлесімді өсуі мен дамуына ықпал етеді
BABY FRIENDLY INGREDIENTS – қоспаны өндіру кезінде арнайы іріктелген, балалар тағамы үшін қауіпсіз, әлем үздік өндірушілерінен ингридиенттер қолданылады .
Қоспа зарарсыздандырылған және асептикалық оралған.
Глютен жоқ.
Құрамында пальма және рапс майлары жоқ.
Құрамында ГМА жоқ.
Нұсқау

Қалып қойған дайын қоспаның қалдығын келесі рет тамақ беру үшін пайдаланбаңыз.
Қораптағы қоспаны микротолқынды пеште қыздырмаңыз!
Қоспа көлемі мен тамақтандыру санын дәрігер тамақтандыру кестесіне сәйкес анықтайды.
Қорапты ашқан сәтке дейін, құрғақ қоспаны 0°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75%-дан аспаған жағдайда сақтаңыз.
Бөтелкеге құйылған қоспаны 2 сағат ішінде пайдаланыңыз.
Қорапты ашқаннан кейін қоспаны тоңазытқышта 10 сағаттан асырмай сақтауға болады.
Тамақтандыру кестесі
| Баланың жасы | Бір тамақтандыруға: су көлемі, мл | Бір тамақтандыруға: өлшеуіш қасық саны* | Тәулігіне тамақтандыру саны |
|---|---|---|---|
| 0–2 апта | 90 | 3 | 6 |
| 2–6 апта | 90 | 3 | 6 |
| 6–8 апта | 120 | 4 | 6 |
| 2–3 ай | 120 | 4 | 6 |
| 3–4 ай | 150 | 5 | 6–5 |
| 4–5 ай | 150 | 5 | 5–4 |
| 5–6 ай | 180 | 6 | 4–3 |
| 6 айдан жоғары | 180 | 6 | 3–2 |
Құрамы
Су, глюкоза шәрбаты, мальтодекстрин, өсімдік майлары (күнбағыс, жоғары олеинді, соя, кокос), сүт ақуызы, сүт майы, сүт сарысуының ақуызы, минералды заттар (кальций фосфаты, калий хлориді, кальций карбонаты, калий цитраты, натрий хлориді, магний хлориді, темір сульфаты, мырыш сульфаты, мыс сульфаты, марганец хлориді, калий йодиді, натрий селениті), балық майы (докозагексаен DHA және эйкозапентаен EPA қышқылдарының көзі), дәрумендер (L-аскорбин қышқылы, DL-альфа-токоферол ацетат, никотинамид, кальций D-пантотенады, рибофлавин, ретинол ацетат, пиридоксин гидрохлорид, тиамин гидрохлорид, фолий қышқылы, филлохинон, D-биотин, D3 холекальциферол, цианкобаламин), холин битартрат, эмульгатор (соя лецитині), таурин, инозит, нуклеотидтер (цитидин-5’-монофосфор қышқылы, уридин-5’-монофосфат динатрий тұзы, аденозин-5’-монофосфор қышқылы, гуанозин-5’-монофосфат динатрий тұзы, инозин-5’-монофосфат динатрий тұзы), L-карнитин, қышқылдануға қарсы зат (L-аскорбилпальмитат).
Құрамында ГМА жоқ.
Тағамдық құндылығы
| Тағамдық құндылығы | 100 г қоспада | 100 мл дайын қоспада |
|---|---|---|
| Энергетикалық құндылығы, ккал/кДж | 508 / 2128 | 66 / 277 |
| Ақуыз, г | 10,8 | 1,4 |
| сүт сарысу ақуыздары, г | 5,4 | 0,7 |
| казеин, г | 5,4 | 0,7 |
| Май, г | 26,5 | 3,45 |
| сүт майы, г | 6,8 | 0,9 |
| линол қышқылы, г | 4,71 | 0,61 |
| α-линолен қышқылы, г | 0,56 | 0,07 |
| докозагексаен қышқылы, мг | 54 | 7,0 |
| эйкозапентаен қышқылы, мг | 12 | 1,5 |
| Күл, г | 3,0 | 0,4 |
| Минералды заттар: | — | — |
| кальций, мг | 500 | 65 |
| фосфор, мг | 254 | 33 |
| калий, мг | 507 | 66 |
| натрий, мг | 169 | 22 |
| магний, мг | 43,7 | 5,7 |
| мыс, мкг | 390 | 51 |
| марганец, мкг | 65 | 8,5 |
| темір, мг | 5,8 | 0,8 |
| мырыш, мг | 6,0 | 0,8 |
| хлоридтер, мг | 500 | 65 |
| йод, мкг | 92 | 12 |
| селен, мкг | 10 | 1,3 |
| Дәрумендер: | — | — |
| ретинол (A), мкг-экв | 470 | 61 |
| токоферол (E), мг | 9,2 | 1,2 |
| кальциферол (D), мкг | 9,2 | 1,2 |
| K дәрумені, мкг | 35 | 4,5 |
| тиамин (B1), мкг | 385 | 50 |
| рибофлавин (B2), мкг | 847 | 110 |
| пантотен қышқылы, мг | 3,1 | 0,4 |
| пиридоксин (B6), мкг | 460 | 60 |
| ниацин (PP), мг | 4,0 | 0,52 |
| фолий қышқылы, мкг | 65 | 8,5 |
| цианокобаламин (B12), мкг | 1,7 | 0,22 |
| аскорбин қышқылы (C), мг | 69 | 9,0 |
| биотин, мкг | 15 | 2,0 |
| Нуклеотидтер, мг | 20 | 2,6 |
| Инозит, мг | 27 | 3,5 |
| Холин, мг | 77 | 10 |
| L-карнитин, мг | 11 | 1,4 |
| Таурин, мг | 46 | 6,0 |
| Осмоляльдылығы, мОсм/кг | — | 180 |
100 мл дайын қоспада лактозаның қалдық мөлшері 0,01 г-нан аспайды.