Балаларды өмірінің екінші алты айында тамақтандыруға арналған, пайдалануға дайын балалардың сүт қоспасы.
Пайдалануға дайын – араластырудың, су қосудың қажеті жоқ..
Күндіз де, түнде де, үйде де, жолда да пайдалануға ыңғайлы.
Қауіпсіз асептикалық қаптама – пайдалы қасиеттерді сақтайды және бактериялардан қорғайды.
Теңдестірілген бірегей май құрамы
· Құрамында табиғи сүт майы бар
Сүт майының құрамында мидың дұрыс дамуы және зат алмасудың жақсаруы үшін қажетті компоненттер бар, оңай сіңеді және баланың жылдам өсуі үшін қуат көзі болып табылады.
· Құрамында пальма және рапс майлары жоқ
Пальма майында емшек сүтіндегідей пальмитин қышқылы бар. Емшек сүтінен айырмашылығы – пальма майындағы пальмитин қышқылы α-пальмитат түрінде болады және нашар сіңеді, бұл іш қатуға, алынатын энергияның жетіспеушілігіне және кальцийдің нәжіспен бірге шығып кетуіне алып келуі мүмкін.
Ана сүтіндегідей маңызды қоректік заттар
Омега-3 (DHA) май қышқылдары – бас миының интеллектті дамыту және көздің көру жітілігін сақтау үшін таптырмайтын құрылымдық компоненттері.
Нуклеотидтер иммундық жүйенің қалыптасуына және асқазан-ішек жолының жетілуіне септігін тигізеді.
Теңдестірілген дәруменді-минералды кешен балалар өмірінің алғашқы алты айындағы қажеттіліктерін ескере отырып арнайы жасалған, баланың үйлесімді өсуіне және дамуына ықпал етеді.
Құрамында ГМА жоқ.