Cипаттамасы
Құрамында пребиотиктер бар. Құрамында пальма майы жоқ.
Күріш жармасы жеңіл сіңетін көмірсулардың мөлшері бойынша бірінші орынға ие. Күріштің құрамында глютен жоқ. Пребиотиктер қосылған сүтті күріш ботқасы 4 айдан асқан баланың ас мәзіріндегі алғашқы ботқалардың бірі бола алады.
Теңдестірілген құрам
- құрамында ГМА жоқ
- құрамында бояғыштар мен консерванттар жоқ
- тұзсыз
- дәрумендер мен минералды заттардың сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жағдайларда өлшеп оралған
Өсу мен даму үшін маңызды ингредиенттер
- 100 % табиғи жармалар көмірсулардың, өсімдік ақуызының және тағамдық талшықтардың көзі болып табылады.
- 11 дәрумен баланың үйлесімді өсуі мен дамуына ықпал етеді.
- Кальций сүйектер мен тістердің қалыптасуы үшін қажет.
- Темір темір тапшылығы анемиясының алдын алуды қамтамасыз етеді.
- Йод баланың интеллектуалды дамуына септігін тигізеді.
- Пребиотик (инулин) ішек микрофлорасын қалпына келтіруге және жайлы ас қорытуға көмектеседі.
Таза салмағы: 200 г.
Нұсқау

- Балаға тамақ дайындаудың алдында қолдарыңызды мұқият жуыңыз.
- Таза ыдысты пайдаланыңыз.
- 50ºC-қа дейін қыздырылған балаларға арналған ауыз судың немесе 50ºC-қа дейін салқындатылған қайнаған судың 100-120 мл құйыңыз.
- Үздіксіз араластыра отырып, 30 г құрғақ өнімді (шамамен 4-5 ас қасық) біртіндеп салыңыз.
- Толық ерігенге дейін араластырыңыз. Ботқа пайдалануға дайын.
Ботқаны араластыру үшін шанышқыны қолданған жөн.
- Ботқаны әрдайым дәл тамақтандырудың алдында дайындаңыз.
- Бұрын дайындалған ботқаның қалдығын келесі тамақтандыру үшін қолданбаңыз.
- Баланың жасы мен талғамын ескере отырып, суды көбірек немесе азырақ қосу арқылы ботқаның қоюлығын өзгертуге болады.
- Қосымша тамақтандыруды енгізіп бастаудың алдында педиатрмен кеңесіңіз.
- Қосымша тамақтандыруды бір қасықтан бастап, 5-7 күн ішінде ботқа порциясын жас нормасына дейін ұлғайта отырып, біртіндеп енгізген жөн.
Сақтау шарттары.
Қорапты ашқан сәтке дейін, құрғақ қоспаны 0°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75%-дан аспаған жағдайда сақтаңыз.
Әр порцияны дайындағаннан кейін ашылған пакетті мықтап жабыңыз.
Пакетті ашқаннан кейін өнімді құрғақ және салқын жерде 3 аптадан артық сақтамаңыз.
Жарамдылық мерзімі: 12 ай.
Құрамы
Күріш ұны, қаймағы алынбаған құрғақ сүт, қант, пребиотиктер (инулин), минералды заттар (кальций карбонаты, темір пирофосфаты, калий йодиді), дәрумендер (L-аскорбин қышқылы, никотинамид, D-альфа-токоферол ацетаты, кальций D-пантотенаты, рибофлавин, пиридоксин гидрохлориді, тиамин мононитраты, ретинол ацетаты, фолий қышқылы, D-биотин, цианкобаламин).Глютен мен сүт іздері болуы мүмкін.
Тағамдық құндылығы
| Тағам құндылығы | 100 г құрғақ өнімде | бір порцияда (30 г өнім+ 100-120 мл су) |
|---|---|---|
| Энергетикалық құндылығы, ккал/кДж | 411/1721 | 123/516 |
| Ақуыз, г | 13,0 | 3,9 |
| майлар, г | 10,0 | 3,0 |
| Көмірсулар, г | 66,0 | 19,8 |
| сонымен қатар сазароза, г | 11,0 | 3,3 |
| Пребиотиктер: | ||
| инулин, г | 2,5 | 0,75 |
| Ылғал, аспайтын | 6,0 | |
| Дәрумендер: | ||
| ретинол (А), мг-экв | 0,35 | 0,11 |
| токоферол (Е), мг | 6,0 | 1,8 |
| аскорбин қышқылы (С), мг | 40,0 | 12,0 |
| тиамин (В1), мг | 0,40 | 0,12 |
| рибофлавин (В2), мг | 0,50 | 0,15 |
| пиридоксин (В6), мг | 0,50 | 0,15 |
| цианокобаламин (В12), мкг | 0,50 | 0,15 |
| ниацин (РР), мг | 7,0 | 2,1 |
| пантотен қышқылы, мг | 2,35 | 0,71 |
| фолий қышқылы, мкг | 47,0 | 14,1 |
| биотин, мкг | 10,0 | 3,0 |
| Минералды заттар: | ||
| кальций, мг | 500 | 150 |
| натрий, мг, | 171 | 51 |
| темір, мг | 8,5 | 2,6 |
| йод, мкг | 50,0 | 15,0 |