Cипаттамасы
Төмен аллергенді. Құрамында пребиотиктер бар. Қантсыз.
Қарақұмық жармасы алғашқы тамақтандыру үшін өте қолайлы. Қарақұмық төмен аллергенді, құрамында глютен жоқ, темірге және жасұныққа бай.
Теңдестірілген құрам
- құрамында ГМА жоқ
- құрамында бояғыштар мен консерванттар жоқ
- тұзсыз
- дәрумендер мен минералды заттардың сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жағдайларда өлшеп оралған
Өсу мен даму үшін маңызды ингредиенттер
- 100 % табиғи жармалар көмірсулардың, өсімдік ақуызының және тағамдық талшықтардың көзі болып табылады.
- 11 дәрумен баланың үйлесімді өсуі мен дамуына ықпал етеді.
- Кальций сүйектер мен тістердің қалыптасуы үшін қажет.
- Темір темір тапшылығы анемиясының алдын алуды қамтамасыз етеді.
- Йод баланың интеллектуалды дамуына септігін тигізеді.
- Пребиотик (инулин) ішек микрофлорасын қалпына келтіруге және жайлы ас қорытуға көмектеседі.
Таза салмағы: 200 г.
Нұсқау

- Балаға тамақ дайындаудың алдында қолдарыңызды мұқият жуыңыз.
- Таза ыдысты пайдаланыңыз.
- 50ºC-қа дейін қыздырылған балаларға арналған ауыз судың немесе 50ºC-қа дейін салқындатылған қайнаған судың 120-140 мл құйыңыз.
- Үздіксіз араластыра отырып, 25 г құрғақ өнімді (шамамен 5-6 ас қасық) біртіндеп салыңыз.
- Толық ерігенге дейін араластырыңыз. Ботқа пайдалануға дайын.
Ботқаны араластыру үшін шанышқыны қолданған жөн.
- Ботқаны әрдайым дәл тамақтандырудың алдында дайындаңыз.
- Бұрын дайындалған ботқаның қалдығын келесі тамақтандыру үшін қолданбаңыз.
- Баланың жасы мен талғамын ескере отырып, суды көбірек немесе азырақ қосу арқылы ботқаның қоюлығын өзгертуге болады.
- Қосымша тамақтандыруды енгізіп бастаудың алдында педиатрмен кеңесіңіз.
- Қосымша тамақтандыруды бір қасықтан бастап, 5-7 күн ішінде ботқа порциясын жас нормасына дейін ұлғайта отырып, біртіндеп енгізген жөн.
Құрамы
Қарақұмық ұны, мальтодекстрин, пребиотиктер (инулин), минералды заттар (кальций карбонаты, темір пирофосфаты, калий йодиді), дәрумендер (аскорбин қышқылы, никотинамид, D-альфа-токоферол ацетаты, кальций D-пантотенаты, рибофлавин, пиридоксин гидрохлориді, тиамин мононитраты, ретинол ацетаты, фолий қышқылы, D-биотин, цианкобаламин).
Глютен мен сүт іздері болуы мүмкін.
Тағамдық құндылығы
| Тағам құндылығы | 100 г құрғақ қоспада | бір порциядар (25 г өнім+ 120-140 мл су) |
|---|---|---|
| Энергетикалық құндылығы, ккал/кДж | 364/1524 | 91/381 |
| Ақуыз, г | 9,0 | 2,3 |
| майлар,г | 1,0 | 0,3 |
| Көмірсулар,г | 78,5 | 19,6 |
| Пребиотиктер: | ||
| инулин, г | 2,5 | 0,63 |
| Дәрумендер: | ||
| ретинол (А), мг-экв | 0,45 | 0,11 |
| токоферол (Е), мг | 6,0 | 1,5 |
| аскорбин қышқылы (С), мг | 45,0 | 11,3 |
| тиамин (В1), мг | 0,50 | 0,13 |
| рибофлавин (В2), мг | 0,60 | 0,15 |
| пиридоксин (В6), мг | 0,60 | 0,15 |
| цианкобаламин (В12), мкг | 0,50 | 0,13 |
| ниацин (РР), мг | 7,0 | 1,8 |
| пантотен қышқылы, мг | 2,35 | 0,6 |
| фолий қышқылы, мкг | 47,0 | 11,8 |
| биотин, мкг | 10,0 | 2,5 |
| Минеральные вещества: | ||
| кальций, мг | 510 | 128 |
| натрий, мг, | 8,0 | 2,0 |
| темір, мг | 8,5 | 2,1 |
| йод, мкг | 50,0 | 12,5 |