6 айдан асқан балаларды тамақтандыру үшін ұсынылады.
Күріш жармалардың арасында жеңіл сіңетін көмірсулардың мөлшері бойынша бірінші орынға ие, оның құрамында глютен жоқ. Дәмді әрі жұмсақ "Банан қосылған Nutrilak Proсereals күріш" сүтті ботқасы сәбиіңіз үшін керемет таңғы ас болады.
Nutrilak сүтті тұтас дәнді ботқалары таңдаулы тұтас дәннен, қаймағы алынбаған сүттен, сүт сарысуынан және жеміс үлпегінен дайындалған. Тұтас дән-дән қабығынан, ұрық пен өзектен тұрады. Тұтас дән табиғи құндылығын сақтай отырып, көмірсулардың, өсімдік ақуызының, тағамдық талшықтардың, дәрумендер мен минералды заттардың көзі болып келеді. Осындай дәннен әзірленген ботқаларды қосымша нәрлендіру қажет емес. Қаймағы алынбаған сүт жоғары сапалы сүт ақуызы мен дәрумендердің көзі бола отырып, ботқаның қоректік құндылығын арттырады. Сүт сарысуы ботқаға табиғи тәттілік бере отырып, құрамы бойынша казеин мен сарысу ақуызының арақатынасын реттейді. Жеміс үлпегі сәбидің дәмдік әр алуандығын кеңейте отырып, оны жаңа сезімдермен таныстырады. АРТЫҚ ЕШТЕҢЕ ЖОҚ. ЖАЙ ҒАНА ПАЙДАЛЫ.
ҚҰРАМ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
100 % табиғи
- тұтас дәннен әзірленген
- қант* пен тұз қосылмаған
- құрамында пальма майы жоқ
- ГМА жоқ
- хош иістендіргіштерсіз
- бояғыштар мен консерванттар жоқ
- өнімнің сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жағдайларда өлшеп оралған
*құрамында табиғи қанттар бар