Top.Mail.Ru

Бүтін дәнді. Жеміс бөліктерімен

Бірнеше дән түрінен (бидай, күріш, сұлы) жасалған, жеміс бөліктері бар ботқа 8 айдан асқан сәбилердің тамақ рационын кеңейтуге көмектеседі. Бірнеше дән, құрғақ бүтін сүт, банан мен құлпынай қалташықтары қосылған сүтті бүтін дәнді ботқа «Nutrilak Банан мен құлпынай қалташықтары қосылған мультидәнді ботқа» — сәбиді жаңа дәмдермен таныстыру және шайнау дағдыларын дамытуға жақсы мүмкіндік.

100% табиғи

  • пальма майы жоқ
  • ГМО жоқ
  • консерванттар, бояғыштар мен хош иістендіргіштер жоқ
  • өнімнің сақталуын қамтамасыз ететін қорғаныш атмосферада қапталған

Құрамы қандай артықшылық береді?

  • Nutrilaк-тың сүтті бүтін дәнді ботқалары дәннің табиғи құндылығын сақтау үшін бүтін дәннен дайындалады.
  • Мұндай дәннен жасалған ботқаларға қосымша байыту қажет емес.
  • Бүтін дән — бұл көмірсулардың, өсімдік ақуызының, тағамдық талшықтардың, дәрумендер мен минералдардың көзі.
  • Бүтін сүт ботқаның қоректік құндылығын арттырады, өйткені ол — жоғары сапалы сүт ақуызы мен дәрумендердің көзі, ал сүт сарысуы казеин мен сарысу ақуызының арақатынасын реттейді және ботқаға табиғи тәтті дәм береді.
  • Ботқа өндірісіне дейін дән микробиологиялық зерттеуден өтеді.

Артық ештеңе жоқ. Тек пайдалы.

Нетто 200Г

  • Баланың тамағын дайындамас бұрын қолыңызды жуып алыңыз.   
  • Таза ыдысты пайдаланыңыз.
  1. Балаларға арналған 50ºС-қа дейін қыздырылған немесе қайнатылған, 50ºС-қа дейін суытылған суды 120–130 мл табақшаға құйыңыз.
  2. Құрғақ ботқаның 45 г-ын (шамамен 4–5 ас қасық) аз-аздан қосып, үздіксіз араластыра отырып салып шығыңыз.
  3. Біртекті массаға келгенше араластырыңыз. Ботқаны араластыру үшін шанышқы қолданған дұрыс.
  4. Табақшаны жауып, ботқаны 3–5 минут тұндыруға қалдырыңыз. Тамақтанар алдында ботқаның температурасын (36–38ºС) тексеріңіз. Ботқа жеуге дайын.

Ботқаны әрқашан тамақтанар алдында жаңа дайындаңыз.

Алдыңғы тамақтанар кезде қалған ботқаны келесі тамаққа пайдаланбаңыз.

Баланың жасын және оның талғамын ескере отырып, ботқаның қоюлығын судың мөлшерін көбейту немесе азайту арқылы өзгертуге болады.

Жаңа өнімді енгізбес бұрын педиатрмен кеңесіңіз.

Жаңа өнімді біртіндеп енгізу ұсынылады: алғашында бір ас қасықтан бастап, 5–7 күн ішінде ботқаның мөлшерін жасқа сәйкес қалыпты нормасына дейін көбейтіңіз.

Бүтін дән ұны (бидай, күріш, сұлы), құрғақ бүтін сүт, деминерализденген құрғақ сүт сарысуы, банан бөліктері (банан, қант, жүгері крахмалы), құлпынай бөліктері. Глютен бар.

Қасиеттері100 г құрғақ өнімде1 порцияда (45 г өнім + 120-130 мл су)
Энергетикалық құндылығы, ккал/кДж415/1739 
 
187/783
 
Ақуыз, г15,67,0
Май, г10,44,7
Көмірсулар, г6529,3
Натрий, мг17177
Ылғал, г (ең көп)8,0 

Пікірлер

Яндекс.Метрика