Top.Mail.Ru

1 жастан асқан балаларға сүт қоспасының тиімділігі

Жарияланды: 23.12.2025
Оқу уақыты: 5 min
count 2

Бала бір жасқа толғаннан кейін оның ағзасы белсенді дамып, қозғалысы артып, жаңа тағамдарға деген қажеттілігі көбейеді. Осы кезеңде әр ата-ананы мазалайтын негізгі сұрақ – баланың толыққанды тамақтануын қалай қамтамасыз ету керек? Табиғи тамақтандыру маңызды болғанымен, әрқашан баланың барлық қажетті нутриенттерін толық бере алмайды. Сондықтан 1 жастан асқан балаларға арналған сүт қоспасы қосымша қолдау ретінде үлкен рөл атқарады.

Неге сүт қоспасы қажет?

1 жастан асқан бүлдіршіндердің ас қорыту жүйесі ересек тамаққа дайындала бастайды, бірақ олардың ағзасы әлі де ерекше күтімді қажет етеді. Дәл осы кезеңде:

- ағзаға кальций, темір, мырыш, Д дәрумені, омега май қышқылдары сияқты компоненттер қажет;

- иммунитет толық қалыптаспағандықтан жиі ауруға бейім келеді;

- жүйке жүйесі мен ми жасушаларының дамуы жалғасады.

Осындай қажеттіліктерді өтеу үшін сүт қоспасының тиімділігі жоғары. Жақсы таңдалған қоспа ағзаның қоректік заттарға деген тапшылығын азайтып, баланың дені сау дамуына ықпал етеді.

Сүт қоспасының негізгі артықшылықтары

  1. Құнарлы құрам

    1 жастан асқан балаларға ұсынылатын қоспаларда ақуыз, май және көмірсулар баланың ас қорыту жүйесіне сай үйлестірілген. Бұл олардың энергия қажеттілігін өтеп, бойының өсуін қолдайды.

  2. Иммунитетті қолдау

    Витаминдер мен минералдар кешені иммундық жүйені күшейтеді. Мысалы, Д дәрумені мен кальций сүйек пен тіс саулығын жақсартады, ал темір қан түзу процесіне қажет.

  3. Ас қорытуға қолайлы

    Заманауи сүт қоспалары іш қату, ауырлық сезімін болдырмау үшін жеңіл қорытылатын компоненттерден тұрады. Пребиотиктер мен пробиотиктер ішек микрофлорасын реттеп, пайдалы бактериялардың дамуын қолдайды.

  4. Ми дамуын қолдау

    Омега-3 және омега-6 май қышқылдары жүйке жүйесіне оң әсер етеді. Олар баланың есте сақтау қабілетін, зейінін және жалпы когнитивті дамуын күшейтеді.

Қай сүт қоспасын таңдауға болады?

Нарықта баланың дамуын қолдауға арналған көптеген сүт қоспалары бар. Соның ішінде ата-аналардың сеніміне ие болған өнімдердің бірі  Nutrilak Premium 3 (Нутрилак Премиум 3).

Nutrilak Premium 3 сүт қоспасының артықшылықтары
 - 1 жастан асқан балаларға арналған арнайы формула — қажетті дәрумендер мен минералдар мөлшері жас ерекшелігіне қарай теңестірілген.

 - Пребиотиктер мен нуклеотидтер бар — олар иммундық жүйені табиғи жолмен қолдайды және ішектің дұрыс жұмыс істеуін қалыптастырады.

- Пальма майы қолданылмайды. Бұл қоспаның жеңіл сіңуіне және сүйек минералдануына оң әсер етеді.

- DHA және ARA май қышқылдары (омега топтары) ми дамуына үлес қосады.

- Кальций мен Д дәрумені сүйек жүйесінің дұрыс қалыптасуына жауап береді.

- Дәмі табиғи, иісі жағымды болғандықтан, балалар оңай қабылдайды.

Nutrilak Premium 3 – баланың күнделікті рационына қосымша ретінде жақсы таңдау. Бұл қоспа толыққанды үй тамағын алмастырмайды, алайда баланың жетіспейтін нутриенттерін толықтырып, жалпы дамуын қолдауға көмектеседі.

Қорытынды

1 жастан асқан балаларға сүт қоспасы – ата-ананың баласының денсаулығын қолдаудағы маңызды құралының бірі. Қоспа баланың иммунитетін нығайтып, ас қорытуын жақсартады, сүйек пен ми дамуына қажет заттарды береді.  

Сапалы өнім таңдау, әрбір ата-ананың жауапты шешімі. Осы тұрғыда Nutrilak Premium 3 тиімді құрамы, табиғи компоненттері және балаларға қолайлы болуымен ерекшеленеді.  

Балаңыздың денсаулығы мен дамуын қолдау үшін пайдалы және құнарлы қоспаны дұрыс таңдаңыз.

Яндекс.Метрика