Top.Mail.Ru

Пальма майы жоқ

Балаларға арналған Винни 3 дәнді ботқасы — бидай, күріш пен сұлы дәндері, сұлы жармасы және банан бөліктері баланың жаңа дәмдерді танып, шайнау дағдыларын дамытады.

Құрамы мен ерекшеліктері:

  • Пальма майы және басқа өсімдік майлары қосылмаған
  • ГМО жоқ
  • Бояғыштар мен консерванттарсыз
  • Тұзсыз
  • Дәрумендер мен минералдардың сақталуын қамтамасыз ететін арнайы қаптама

Маңызды құрамдас бөліктер:

  • 100% табиғи дәндер — көмірсу, өсімдік ақуызы және талшықтың көзі
  • Толық сүт — жоғары сапалы сүт ақуыны және дәрумендердің көзі
  • 11 дәрумен — баланың дұрыс өсуі мен дамуына қолдау
  • Кальций — сүйек пен тіс қалыптасуы үшін
  • Темір — темір жетіспеушілігі анемиясын алдын алу
  • Йод — интеллект

Таза салмағы: 200 г
 

  • Баланың тамағын дайындамас бұрын қолыңызды мұқият жуыңыз.
  • Таза ыдысты қолданыңыз.
  1. 140–150 мл мөлшерінде 50ºС-қа дейін жылыған балаларға арналған ауыз суын немесе қайнатылған, 50ºС-қа дейін салқындатылған суды табақшаға құйыңыз.
  2. 45 г құрғақ ботқаны (шамамен 5–6 ас қасық) біртіндеп қосып, үздіксіз араластырыңыз.
  3. Ботқаны біркелкі массаға дейін араластырыңыз. Ботқаны араластыру үшін шанышқыны қолдану ұсынылады.
  4. Табақшаны жауып, ботқаны 3–5 минут тұндыруға қалдырыңыз. Тамақ берер алдында ботқаның температурасын тексеріңіз (36–38°С). Ботқа қолдануға дайын.

Ботқаны әрдайым тамақ берерден бұрын дайындаңыз.

Алдыңғы дайындаған ботқаның қалған бөлігін келесі тамаққа пайдаланбаңыз.

Бала жасын және оның талғамын ескере отырып, ботқаның консистенциясын судың мөлшерін көбейту немесе азайту арқылы өзгертуге болады.

Жаңа өнімді енгізер алдында педиатрмен кеңесіңіз.

Жаңа өнімді бір қасықтан бастап, 5–7 күн ішінде жасы бойынша нормасына дейін біртіндеп көбейтіп енгізу ұсынылады.

Сақтау шарттары:

  • Қаптаманы ашқанға дейін өнімді 1 °С-тан 25 °С-қа дейінгі температурада және ауа ылғалдылығы 75%-дан аспайтын жерде сақтаңыз.
  • Қаптаманы ашқаннан кейін өнімді құрғақ, салқын жерде, тығыз жабылған күйде 3 аптадан артық сақтамаңыз.
  • Сақталу мерзімі — 18 ай.

Ұн (бидай, күріш, сұлы), бүтін құрғақ сүт, қант, сұлы жармасы, банан кесектері (банан, қант, жүгері крахмалы), минералды заттар (кальций карбонаты, темір пирофосфаты, калий йодиді), дәрумендер (L-аскорбин қышқылы, никотинамид, D-альфа-токоферол ацетаты, D-кальций пантотенаты, рибофлавин, пиридоксин гидрохлориді, тиамин мононитраты, ретинол ацетаты, фолий қышқылы, D-биотин, цианкобаламин). Глютен бар.

тағамдық құндылық100 г құрғақ өнімде1 порцияда (45 г өнім + 140-150 мл су)
Энергетикалық құндылық, ккал/кДж418/1750188/788
ақуыздар, г14,36,4
майлар, г10,84,9
көмірсулар, г65,829,6
соның ішінде сахароза, г11,04,95
Су мөлшері, г, аспауы керек8,0 
Дәрумендер:  
ретинол (А), мг-экв0,350,16
токоферол (Е), мг6,02,7
аскорбин қышқылы (С), мг40,018,0
тиамин (В1), мг0,400,18
рибофлавин (В2), мг0,500,23
пиридоксин (В6), мг0,500,23
цианокобаламин (В12), мкг0,500,23
ниацин (РР), мг7,03,2
пантотен қышқылы, мг2,351,06
фолий қышқылы, мкг47,021,2
биотин, мкг10,04,5
Минералды заттар:  
кальций, мг500225
натрий, мг17277
темір, мг8,53,8
йод, мкг50,023,0

Пікірлер

Яндекс.Метрика