Cипаттамасы
Құрамында пребиотиктер бар
Бірнеше жармадан жасалған ботқалар 6 айдан асқан баланың рационын кеңейтуге жарайды. Манго мен банан қосылған 3 жарма сүтті ботқасы – баланы жаңа дәмдермен таныстырудың жақсы мүмкіндігі.
Теңдестірілген құрам
· құрамында ГМА жоқ
· құрамында бояғыштар мен консерванттар жоқ
· тұзсыз
· дәрумендер мен минералды заттардың сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жағдайларда өлшеп оралған
Өсу мен даму үшін маңызды ингредиенттер
· 100 % табиғи жармалар көмірсулардың, өсімдік ақуызының және тағамдық талшықтардың көзі болып табылады.
· 11 дәрумен баланың үйлесімді өсуі мен дамуына ықпал етеді.
· Кальций сүйектер мен тістердің қалыптасуы үшін қажет.
· Темір темір тапшылығы анемиясының алдын алуды қамтамасыз етеді.
· Йод баланың интеллектуалды дамуына септігін тигізеді.
· Пребиотик (инулин) ішек микрофлорасын қалпына келтіруге және жайлы ас қорытуға көмектеседі.
Таза салмағы: 200 г.
Нұсқау

- Балаға тамақ дайындаудың алдында қолдарыңызды мұқият жуыңыз.
- Таза ыдысты пайдаланыңыз.
- 50ºC-қа дейін қыздырылған балаларға арналған ауыз судың немесе 50ºC-қа дейін салқындатылған қайнаған судың 100-110 мл құйыңыз.
- Үздіксіз араластыра отырып, 30 г құрғақ өнімді (шамамен 4-5 ас қасық) біртіндеп салыңыз.
- Толық ерігенге дейін араластырыңыз. Ботқа пайдалануға дайын.
- Ботқаны араластыру үшін шанышқыны қолданған жөн
- Ботқаны әрдайым дәл тамақтандырудың алдында дайындаңыз
Бұрын дайындалған ботқаның қалдығын келесі тамақтандыру үшін қолданбаңыз
Қосымша тамақтандыруды енгізіп бастаудың алдында педиатрмен кеңесіңіз.
Қосымша тамақтандыруды бір қасықтан бастап, 5-7 күн ішінде ботқа порциясын жас нормасына дейін ұлғайта отырып, біртіндеп енгізген жөн.
Қорапты ашқан сәтке дейін, құрғақ қоспаны 0°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75%-дан аспаған жағдайда сақтаңыз.
Әр порцияны дайындағаннан кейін ашылған пакетті мықтап жабыңыз.
Пакетті ашқаннан кейін өнімді құрғақ және салқын жерде 4 аптадан артық сақтамаңыз.
Жарамдылық мерзімі: 18 ай.
Құрамы
Ұн (бидай, күріш, сұлы), қаймағы алынбаған құрғақ сүт, қант, манго үлпектері, банан үлпектері, минералды заттар (кальций карбонаты, темір пирофосфаты, калий йодиді), дәрумендер (L-аскорбин қышқылы, никотинамид, D-альфа-токоферол ацетаты, кальций D-пантотенаты, рибофлавин, пиридоксин гидрохлориді, тиамин мононитраты, ретинол ацетаты, фолий қышқылы, D-биотин, цианкобаламин).
Глютен мен сүт іздері болуы мүмкін.
Тағамдық құндылығы
| Тағам құндылығы | 100 г құрғақ өнімде | бір порцияда (30 г өнім+ 100-110 мл су) |
|---|---|---|
| Энергетикалық құндылығы, ккал/кДж | 416/1742 | 125/523 |
| Ақуыз, г | 14 | 4,2 |
| майлар, г | 10,3 | 3,1 |
| Көмірсулар, г | 65,8 | 20,0 |
| сонымен қатар сазароза, г | 11,0 | 3,3 |
| Ылғал, г аспайтын | 6,0 | |
| Дәрумендер: | ||
| ретинол (А), мг-экв | 0,35 | 0,11 |
| токоферол (Е), мг | 6,0 | 1,8 |
| аскорбин қышқылы (С), мг | 40,0 | 12,0 |
| тиамин (В1), мг | 0,40 | 0,12 |
| рибофлавин (В2), мг | 0,50 | 0,15 |
| пиридоксин (В6), мг | 0,50 | 0,15 |
| цианокобаламин (В12), мкг | 0,50 | 0,15 |
| ниацин (РР), мг | 7,0 | 2,1 |
| пантотен қышқылы, мг | 2,35 | 0,71 |
| фолий қышқылы, мкг | 47,0 | 14,1 |
| биотин, мкг | 10,0 | 3,0 |
| Минералды заттар: | ||
| кальций, мг | 500 | 150 |
| натрий, мг | 162 | 49 |
| темір, мг | 8,5 | 2,6 |
| йод, мкг | 50,0 | 15,0 |