Қызылша – жұқпалы инфекция. Егер егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен байланыста болған болса, инфекция жұқтыру қаупі өте жоғары болады. Әсіресе балаларда қызылшамен ауыру жиі кездеседі, себебі олардың иммунитеті толық қалыптаспаған.
Қызылшаның инкубациялық кезеңі шамамен 7–14 күн ішінде өтеді. Осы уақыт аралығында вирус ағзада дамиды, бірақ алғашқы белгілері бірден байқалмауы мүмкін. Кейін қызылшаның алғашқы белгілері пайда бола бастайды.



