Cипаттамасы
Бірнеше дәнді дақылдардан (бидай, күріш, сұлы) жасалған ботқа — сұлы үлпектері мен банан бөліктері қосылған — өскен сәбиіңізді жаңа әрі қызықты дәм сезімдерімен таныстырады. Осындай құрамдағы сүтті тұтас дәнді ботқасы баланың шайнау дағдыларын дамытуға көмектесіп, өсіп келе жатқан ағзаны жаңа күнге қажетті қуатпен қамтамасыз етеді.
100% табиғи
- Пальма майы қосылмаған
- ГМО-сыз
- Консерванттар, бояғыштар мен хош иістендіргіштерсіз
- Қорғаныш атмосферада буып-түйілген – бұл өнімнің сақталуын қамтамасыз етеді
Құрамы қандай артықшылықтарға ие?
- Nutrilak сүтті тұтас дәнді ботқалары дәннің табиғи құндылығын сақтау үшін тұтас дәннен дайындалады.
- Мұндай дәннен жасалған ботқаларды қосымша байыту қажет емес.
- Тұтас дән — көмірсулардың, өсімдік ақуызының, тағамдық талшықтардың, дәрумендер мен минералдардың көзі.
- Сүт ботқаның қоректік құндылығын арттырады, өйткені ол жоғары сапалы сүт ақуызы мен дәрумендердің көзі болып табылады, ал сүт сарысуы казеин мен сарысу ақуызының қатынасын реттеп, ботқаға табиғи тәттілік береді.
- Ботқа өндірісінде қолданар алдында дән микробиологиялық зерттеуден өтеді.
Артық ештеңе жоқ. Тек пайдалы.
Таза салмағы: 200 г
Нұсқау

- Сәбиге арналған тамақты дайындау алдында қолыңызды жуыңыз.
- Таза ыдысты пайдаланыңыз.
Балаларға арналған немесе алдын ала қайнатылып, 50ºС-қа дейін салқындатылған 130–140 мл ауыз суын тәрелкеге құйыңыз.
Қайнатылып салқындатылған суды да қолдануға болады.
- Кептірілген ботқаның 50 граммын (шамамен 5 ас қасық) біртіндеп салып, үздіксіз араластырыңыз.
- Ботқаны біркелкі консистенцияға дейін араластырыңыз.
- Араластыру үшін шанышқы қолдану ұсынылады.
- Тәрелкені жауып, ботқаны 3–5 минутқа қоя тұрыңыз.
- Тамақтандырмас бұрын ботқаның температурасын тексеріңіз (36–38°С).
- Ботқа қолдануға дайын.
- Ботқаны әрдайым тамақтандыру алдында ғана дайындаңыз.
- Алдыңғы тамақтандырудан қалған ботқаны қайта пайдаланбаңыз.
Баланың жасын және жеке қалауын ескере отырып, ботқаның қоюлығын судың мөлшерін өзгерту арқылы реттеуге болады.
Жаңа өнімді енгізбестен бұрын педиатрдан кеңес алыңыз.
Жаңа өнімді бір қасықтан бастап, 5–7 күн ішінде жас ерекшелігіне сай порцияға дейін біртіндеп енгізу ұсынылады.
Сақтау шарттары:
- Орамасы ашылмаған өнімді +1°С-тан +25°С-қа дейінгі температурада және салыстырмалы ылғалдылығы 75%-дан аспайтын жерде сақтаңыз.
- Ораманы ашқаннан кейін өнімді құрғақ, салқын жерде, ауасы кірмейтіндей жабық күйде 3 аптадан артық сақтамаңыз
Құрамы
Бүтін дән ұны (бидай, күріш, сұлы), құрғақ бүтін сүт, деминерализденген құрғақ сүт сарысуы, сұлы үлпектері, банан бөліктері (банан, қант, жүгері крахмалы). Глютен бар.
Тағамдық құндылығы
| Тағамдық құндылық | 100 г құрғақ өнімде | Бір порцияда (50 г өнім + 130–140 мл су |
|---|---|---|
| Энергетикалық құндылық, ккал/кДж | 416/1741 | 208/871 |
| Ақуыз, г | 15,6 | 7,8 |
| Май, г | 10,4 | 5,2 |
| Көмірсулар, г | 65 | 32,5 |
| Натрий, мг | 166 | 83 |
| Ылғал, г, ең көбі | 8,0 |