Cипаттамасы
Пробиотиктер бар. Пальма майы жоқ.
Күріш жармасы жеңіл қорытылатын көмірсуларға ең бай өнім болып табылады. Жүгері жармасы В, Е, А, РР дәрумендеріне бай. Банан мен пробиотиктер қосылған сүтті күріш-жүгері ботқасы 6 айдан асқан нәрестенің мәзірін кеңейтеді және жаңа дәм үйлесімдерімен таныстырады.
- Теңгерімді құрамы
- Пальма және басқа да өсімдік майлары қосылмаған
- ГМО жоқ
- Бояғыштар мен консерванттар жоқ
- Тұзсыз
- Витаминдер мен минералдардың сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жағдайда оралған
Өсуі мен дамуы үшін маңызды ингредиенттер
- 100% табиғи дәндер көмірсу, өсімдік ақуызы және талшықтардың көзі болып табылады.
- Толық сүт ботқаның қоректік құндылығын арттырады, жоғары сапалы сүт ақуызы мен дәрумендердің көзі болып табылады.
- 11 дәрумен бала дамуы мен өсуіне ықпал етеді.
- Кальций сүйек пен тіс қалыптасуы үшін қажет.
- Темір темір жетіспеушілігі анемиясының алдын алады.
- Йод баланың интеллектуалды дамуын қамтамасыз етеді.
- Пребиотик (инулин) ішек микрофлорасын қалыпқа келтіруге және ас қорытуды жақсартуға көмектеседі.
Салмағы (нетто): 200 г
Нұсқау

- Баланың тамағын дайындамас бұрын қолды мұқият жуыңыз.
- Таза ыдыс-аяқ қолданыңыз.
- 90–110 мл 50ºС дейін қыздырылған балаларға арналған ішетін суды немесе қайнатылған, 50ºС дейін салқындатылған суды құйыңыз.
- 30 г құрғақ өнімді (шамамен 4–5 ас қасық) бірте-бірте, үздіксіз араластыра отырып қосыңыз.
- Толығымен ерігенше араластырыңыз. Ботқа дайын.
Ботқаны араластыру үшін шанышқы пайдалану ұсынылады.
- Ботқаны әрдайым тамақтанар алдында дайындаңыз.
- Бұрын дайындалған ботқаның қалған бөлігін келесі тамақтандыруға пайдаланбаңыз.
- Баланың жасын және талғамын ескере отырып, ботқаның қоюлығын су мөлшерін көбейтіп немесе азайтып өзгертуге болады.
- Қосымша тамақ енгізуді бастамас бұрын педиатрмен кеңесіңіз.
- Қосымша тамақты бір қасықтан бастап, 5-7 күн ішінде ботқа мөлшерін жасқа сай нормаларға дейін біртіндеп көбейту ұсынылады.
Сақтау шарттары:
- Қорапты ашқанға дейін және ашқаннан кейін өнімді 1 °С-тан 25 °С-қа дейінгі температурада, ауадағы салыстырмалы ылғалдылығы 75%-дан аспайтын жерде сақтаңыз.
- Ашылған пакетті әр порцияны дайындағаннан кейін тығыз жабыңыз.
- Пакет ашылғаннан кейін өнімді құрғақ, салқын жерде 4 аптадан аспай сақтаңыз.
Сақталу мерзімі — 18 ай.
Құрамы
Күріш ұны, жүгері ұны,бүтін құрғақ сүт, қант, банан жармасы, пребиотиктер (инулин), минералды заттар (кальций карбонаты, темір пирофосфаты, калий йодиді), дәрумендер (L-аскорбин қышқылы, никотинамид, D-альфа-токоферол ацетаты, D-кальций пантотенаты, рибофлавин, пиридоксин гидрохлориді, тиамин мононитраты, ретинол ацетаты, фолий қышқылы, D-биотин, цианкобаламин).
Глютен іздері болуы мүмкін.
Тағамдық құндылығы
| Тағамдық құндылығы | 100 г құрғақ өнімде | Бір порцияда (30 г өнім + 90-110 мл су |
|---|---|---|
| Энергетикалық құндылығы, ккал/кДж | 407/1704 | 122/511 |
| ақуыздар, г | 12,5 | 3,8 |
| майлар, г | 10,0 | 3,0 |
| көмірсулар, г | 65,5 | 19,7 |
| оның ішінде сахароза, г | 11,0 | 3,3 |
| Пребиотиктер | ||
| инулин, г | 2,5 | 0,75 |
| Ылғалдылық, г, артық | 6,0 | |
| Дәрумендер: | ||
| ретинол (А), мг-экв | 0,35 | 0,11 |
| токоферол (Е), мг | 6,0 | 1,8 |
| аскорбин қышқылы (С), мг | 40,0 | 12,0 |
| тиамин (В1), мг | 0,40 | 0,12 |
| рибофлавин (В2), мг | 0,50 | 0,15 |
| пиридоксин (В6), мг | 0,50 | 0,15 |
| цианокобаламин (В12), мкг | 0,50 | 0,15 |
| ниацин (РР), мг | 7,0 | 2,1 |
| пантотен қышқылы, мг | 2,35 | 0,71 |
| фолий қышқылы, мкг | 47,0 | 14,1 |
| биотин, мкг | 10,0 | 3,0 |
| Минералды заттар: | ||
| кальций, мг | 500 | 150 |
| натрий, мг | 163 | 49 |
| темір, мг | 8,5 | 2,6 |
| йод, мкг | 50,0 | 15,0 |